• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Қаңтар, 2026

Дубай биыл қолма-қол ақшадан бас тартады

20 рет
көрсетілді

Дубай биыл қолма-қол ақшадан бас тартып, қолма-қол ақшасыз төлемдерге өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

– Дубайдағы мемлекеттік және жеке секторлардағы барлық төлемнің 90%-ы 2026 жылдың соңына қарай қолма-қол ақшасыз болады, – деп хабарлады Дубай үкіметінің баспасөз қызметі. 

Қолма-қол ақшасыз төлемдерге көшу стратегиясы алғаш рет 2024 жылы жарияланды.

Ол банкноттар мен монеталарды алып тастауға және Дубайды қолма-қол ақшасыз қалаға айналдырудың ауқымды мақсатын жүзеге асыруға бағытталған.

Бұл мақсатты жүзеге асыру құралдарына банк және басқа да қосымшалар, карталар және болашақта – цифрлық төлем саласында ЖИ негізіндегі инновациялар кіреді. Әмірлік билігі Дубайдың қаржылық инновациялардың жаһандық орталығы және цифрлық экономикадағы жаһандық көшбасшы ретіндегі орнын нығайтуды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар