• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Қаңтар, 2026

Береке мен бірліктің орталығы

10 рет
көрсетілді

Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында салынған Достық үйі ашылды.

Рәсімге Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Президент Әкімшілігі Қазақстан хал­қы Ассамблеясы хатшы­лы­ғының меңгерушісі Марат Әзілханов, Парламент Се­наты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Наурызбай Байқадамов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергеш­баев, Аян Зейнуллин, «Қаз­АтомӨнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының бас­қарма төрағасы Мейіржан Юсупов, «Самұрық-Қазына Траст» корпоративтік қо­рының бас директоры Аль­фия Адиева, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Бірлік пен берекеге үндейтін орталықтың ашылу рәсімінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңа ғимарат ел игілігіне қызмет ететінін айтып, құттықтау сөзін жеткізді.

«Өңірімізде 30-дан аса этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. Ассамблея жа­­нын­да 11 этномәдени бір­лестік бір мүдде, бір мақ­сат жолында ұйысып, ел­дің бірлігін сақтау бағы­тында жұмыс істеп келе­ді. Береке-бірлігіміздің ұйыт­қысына айналып, еліміздегі этносаралық достық пен бірліктің үлгісін әлемге таныт­қан Қазақстан хал­қы Ассамблеясының құ­рыл­­ғанына өткен жылы 30 жыл толды. Бүгінде Ас­сам­­блея халқымызды бірлік­ке, достыққа үндейтін жал­пы­ұлттық келісімнің негі­зіне айналды. Өткен жылы 1 мамыр – Қазақстан хал­қының бірлігі күні өзде­ріңізбен бірге осы жерде жаңа ғимараттың іргета­сын қалаған едік. Бүгін «Қаз­АтомӨнеркәсіп» ұлт­тық атом компаниясының де­меу­шілігімен 3 млрд 800 млн теңгеге салынған сол Достық үйінің заманауи ғимаратын ел игілігіне табыстап отырмыз. Жалпы­ұлттық тұрақтылық пен қоғам­дық келісімнің қай­нар бұлағы – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында бой кө­терген, достық пен келісім­нің нышанына айналатын жаңа ғимарат баршаңыз­­ға құтты болсын!» деді Н.Нә­лібаев.

Салтанатты рәсімде бір­лік пен келісімнің ны­ғаюы­на елеулі үлес қос­қан Ас­самблея мүшелері мен жаңа ғимаратты салған мер­дігер мекеме өкілдері Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Ғимаратта бірлік мен ын­тымақты нығайтуға атса­­лысқан этномәдени бір­лес­тіктер жұмысына бар жағ­дай жасалған. Соны­мен қатар мұнда облыс­тық, қалалық ардагерлер кеңе­сінің, Азаматтық Альянс өкіл­дерінің де толық жаб­дық­талған жұмыс каби­нет­тері бар. Қала сәуле­тіне сән қосқан жаңа ғима­раттағы 200 орындық концерттік, 50 орындық акт залдарында мәдени-рухани шаралар ұйымдастыруға болады.

Заманауи ғимарат шы­ғар­машыл жастарға ар­нал­ған домбыра, ән, би үйір­мелері, медиация орта­лығы, музей, Ассам­блея жанындағы ғылыми сарап­шылық топтар жұмы­сына да жаңаша серпін береді.

 

Қызылорда 

Соңғы жаңалықтар