• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы 02 Қаңтар, 2026

Қазақстанда ауа райына байланысты бірнеше тас жол жабылды

10 рет
көрсетілді

«КазАвтоЖол» тас жолдардағы жағдай байланысты жаңартылған ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

2 қаңтарда ел аумағында ауа райының нашарлауына байланысты кейбір республикалық жолдарда жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелген.

Ақтөбе облысы:

Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы, км 104–337 (Қандыағаш қаласынан Атырау облысы шекарасына дейінгі учаске). РФ шекарасы – Мартұқ – Ақтөбе – Қарабутақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы –Қорғас – Қытай шекарасы, км 776–965 (АЗС ЭКО ойл – Қарабутақ ауылына дейінгі учаске). Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз, км 3–257 (Қандыағаш – Шалқар қалалары арасындағы учаске). РФ шекарасы (Жайсан бекеті) – Ақтөбе (солтүстік айналма жол арқылы) – Қызылорда, км 0–39 (Мартұқтан – Хромтау дейінгі учаске).

Атырау облысы:

Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы, км 337–346 (Ақтөбе облысы шекарасынан Сақыз ауылына дейінгі учаске).

Жолдардың болжамды ашылу уақыты – 3 қаңтар, сағат 08:00.

Соңғы жаңалықтар