• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 31 Желтоқсан, 2025

Астанада автобус аялдамасын бүлдірген вандал ұсталды

10 рет
көрсетілді

Елорда полицейлері автобус аялдамасының шыны қорғанын бұзған вандалды қысқа уақытта қолға түсірді, деп жазады Egemen.kz.

Кенесары көшесінде кешкі уақытта белгісіз азамат автобус аялдамасының шыны құрылымын сындырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Алайда полицейлер күдіктіні алысқа ұзатпай ұстады.

«Істі қарау барысында 33 жастағы елорда тұрғыны масаң күйде аялдама павильонының құрылымының беріктігін сынап көрмек болған. Ол заңбұзушылық әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бөгде мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру фактісі бойынша ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен оған 20 тәулікке қамау жазасы тағайындалды», делінген хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар