• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Digital 27 Желтоқсан, 2025

Керек дерек

30 рет
көрсетілді

Енді «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» қызметін «eGov Mobile» мобильді қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады.

Өтемақы жеке оқу жос­парына және баланың үйде оқы­тылатынын растайтын білім ұйымының анықтамасы негізінде төленеді. Төлем оқу барысын қамтамасыз етуге байланысты шығындардың бір бөлігін өтеуге бағыт­талған. Төлем мерзімнің аяқталуына немесе балаға білім беру түрінің өзгеруіне байланысты тоқтатылады.

 

Қызметті пайдалану үшін:

eGov Mobile қосым­шасына кіріп, «eGov мем­ле­кеттік қызметтері» – «Жеңіл­діктер, жәрдемақы және зейнетақы» бөлімін ашу; «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» қызметін таңдап, қажетті деректерді толтыру; қызметті қолжетімді қол қою әдістерінің бірімен растау қажет; құжаттарды рәсімдеу мәртебесін «Қызметтер тарихы» бөлімінен тексеру қажет.

Қызмет көрсету мер­зімі – мемлекеттік орган толық құжаттар пакетін тіркеген күннен бастап 8 жұмыс күні. Төлем білім ұйымы берген анықтама­да көрсетілген кезеңге ғана тағайындалады, жаңа мерзімге автоматты түр­де ұзартылмайды. Бала­ға белгіленген мүгедек­тік мерзімі аяқталған соң куәландыруды қайта өткізіп, өтінішті қайта рәсімдеу қажет.

Соңғы жаңалықтар