• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 23 Желтоқсан, 2025

Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді

30 рет
көрсетілді

Бүгін жергілікті уақытпен сағат 08:32-де Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 4,8 балға жеткен. Жер сілкінісінің ошағы теңізде, Баку қаласы мен Қара-Боғазкөл шығанағының аралығында орналасқан.

Volcanodiscovery.com дерегінше, жер сілкінісінің магнитудасы 5,1 балл болған, ал ошағы 57 шақырым тереңдікте анықталған.

Айта кетейік, 12 тамыз күні де Каспий теңізінде 3,2 балдық жер сілкінісі болған еді. 

Соңғы жаңалықтар