«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында қызылордалық полицейлер жұртты қорқытып, ақша талап еткендерді анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Жедел-іздестіру шарасы барысында басқа облыстың тұрғындарына күш көрсетіп, 10 мың АҚШ долларын талап еткен Шиелі ауданының екі тұрғыны ұсталды. Қазір күдіктілерге екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.