• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 12 Желтоқсан, 2025

Қазақстан азаматы неміс банктерінің деректерін ұрлаған

20 рет
көрсетілді

Германия азаматтарының банк шоттарына және жеке деректеріне рұқсатсыз қол жеткізді деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды. Күдіктіні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысында қолға түсірген, деп жазады Egemen.kz.

Оперативтік шаралар 9 желтоқсанда Қазақстан Бас прокуратурасының үйлестіруімен және Германияның Федералдық қылмыстық полициясымен бірлесіп жүргізілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, келтірілген залал бірнеше жүз мың еуроға бағаланып отыр.

Тінту барысында деректерді сақтау құрылғылары және дәлел ретінде маңызы болуы мүмкін өзге де заттар тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар