• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет 11 Желтоқсан, 2025

Этносаралық келісім мәселелері талқыланды

0 рет
көрсетілді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин этносаралық келісімді нығайту мәселелеріне арналған республикалық жиын өткізді.

Басқосуға Президент Әкімшілігі құры­­лымдық бөлімшелерінің басшылары, орталық мемлекеттік органдар­дың өкіл­д­ері, сондай-ақ Жамбыл, Түркі­стан облыстарының әкімдері қатысты.

Жиында өңірлердегі этносаралық тұ­рақ­тылықты қамтамасыз етуге бағыт­тал­ған жұмыстар туралы баяндалды.

Сондай-ақ азаматтық қоғам институт­тарымен өзара іс-қимыл, мемле­кет­тік ақ­па­раттық саясатты жүзеге асыру, Қазақ­стан халқы Ассамблеясының жұмыс тәсіл­­дерін одан әрі жетілдіру мәселелері қаралды.

«Биылғы қарашада Мемлекет басшы­сы идеологиялық жұмыстың негізін ай­қын­­дайтын «Қазақстан Респуб­ли­ка­сы ішкі саясатының негізгі қағидат­тары, құн­­дылықтары мен бағыт­тары» атты тұжы­­рымдамалық құжатты бекітті. Этнос­ара­­­лық қатынас саласы құжаттағы басым бағыт­тың бірі ретінде қамтылған. Бұл атал­ған саланың мемлекет үшін қаншалықты ма­ңызды екенін көрсетеді», деді Мемлекеттік кеңесші.

Ерлан Қарин мемлекеттік орган­дарға этносаралық қатынастар саласын­дағы алдағы 2026 жылға арналған басым бағыттар жөнінде нақты тапсырмалар берді.

 

Соңғы жаңалықтар