Жаңартылған тізім жаңа жылдан бастап енгізіледі. 1 қаңтардан бастап әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімі бойынша науқастар мемлекет есебінен тегін медициналық бақылау, дәрі-дәрмек және талдаулар алады, деп жазады Egemen.kz.
Астана әкімдігінің мәліметінше, жаңа тізімге мынадай сырқат түрлері енген.
- туберкулез; - инфекция ВИЧ; - созылмалы вирустық гепатиттер мен бауыр циррозы; - қатерлі ісіктер; - психикалық және мінез-құлық бұзылыстары; - алғашқы 6 айдағы миокард инфарктісі; - жүйке жүйесінің дегенеративтік аурулары; - орталық жүйке жүйесінің демиелинизациясы; - сирек кездесетін аурулар; - эпилепсия; - инсульт (1 жылға дейін).