• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қаржы 08 Желтоқсан, 2025

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті

760 рет
көрсетілді

Келер жылы базалық мөлшерлеме бойынша 8 шешім қабылдау жоспарда тұр, оның 4-уі болжам раунды нәтижелеріне сай қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады және келесі аптаның бірінші жұмыс күнінен бастап күшіне енеді», делінген ҰБ хабарламасында.

2026 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер мына күндері жарияланады:

23 қаңтар 6 наурыз 24 сәуір 5 маусым 24 шілде 4 қыркүйек 23 қазан 4 желтоқсан

Бұған дейін Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 18 % деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдағанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар