Қазіргі таңда қала халқының саны 303 752 адамды құрайды. Оның ішінде жыл басынан бері 6001 сәби дүниеге келген. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов өңір басшысының қатысуымен өткен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қала басшысының сөзінше биылғы көрсеткіш былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13 мың адамға көбейген.
Айта кетейік, қала халқының саны Маңғыстау облысы халқының 40%үлесін құрайды.
Маңғыстау облысы