• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 06 Желтоқсан, 2025

Жасанды көз

10 рет
көрсетілді

Израиль дәрігерлері 3D-принтермен көздің нұрлы қабығын басып шы­ғарып, оны 70 жастағы әйелге сәт­ті трансплантацялады. Бұл – меди­цинада бұрын-соңды болмаған жаңалық.

Хайфадағы «Рамбан» медициналық орталығында өткен операциядан кейін он жылға жуық зағип болып келген па­циент қайтадан жарық әлемді көре бас­таған. Дәрігер Майкл Мимуни бастаған топ зерт­ханада өсірілген жасушалардан имплант әзірлеп, оны науқастың кө­зіне орналастырған. Ең кереметі – ағза жаңа тінді еш қарсы реакциясыз қабыл­дапты, тіпті донордың да қажет болмаған. Мінекей, осы бір қуанышты жаңалық көру қабілетінен айырылған миллиондаған адамның үміт отын қайта тұтатқандай...

 

Соңғы жаңалықтар