• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Руханият 06 Желтоқсан, 2025

Лондоннан жеткен сүйінші хабар

31 рет
көрсетілді

Жазушы Қайсар Әлімнің «Міржақып Дулатұлы» ғұмырнамалық кітабы Лондонның «Crab Publising» баспасынан Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың қолдауымен ағылшын тілінде жарық көрді. Қазақ тілінен аударған – Бақтыгүл Маханбетова.

Алдымен бұл кітап Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы аясында  облыс әкімінің демеу­шілігімен  Астанадағы «Фолиант» баспасынан 1000 данамен, Қарағандының «Нвпринт» ЖШС баспаханасынан 300 данамен жарық көрген еді. Сондай-ақ Қостанайдың «Изда­тельский дом» ЖШС баспаханасынан сувенирлік-сый үлгісінде былғары тыспен 72х104 1/8 қалып-пен, көлемді етіп 20 данасы шыға­рылған болатын.

Оқырмандардың ыстық ықы­ласына бөленген бұл кітаптың Ыстанбұлдағы «Kamus» бас­пасынан (директоры Айдемир Күл­тегін) аудармашы Ашур Өз­де­мирдің тәржімесімен түрік ті­лінде (демеушісі – Парламент Мә­жілісінің депутаты Берік Бей-сенға­лиев) жарық көргенін айта кету ләзім.

 

Соңғы жаңалықтар