• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Желтоқсан, 2025

Жер сілкінісіне байланысты сенім телефоны іске қосылды

40 рет
көрсетілді

Бүгін сағат 12:45 шамасында Алматы қаласы мен Жетісу, Жамбыл, Алматы облыстарында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің дүмпу ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде орналасқаны белгілі болды. Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісіне байланысты сенім телефонын іске қосты, деп жазады Egemen.kz.

ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін, сел қаупі бар учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізген. Сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету нысандары тексерілген. 

Министрлік аталған нысандар зақымданбағанын, қазіргі уақытта штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді.

Ал тұрғындардың сауалдарына жауап беру үшін ТЖМ-ның психолог мамандарымен бірлесе арнайы сенім телефоны іске қосылған. 

Алматы қаласы:  8 (727) 278 20 83, 8 (727) 278 20 84;

Алматы облысы: 8 (727) 722 60 97;

Жетісу облысы: 8 (7282) 32 44 36.

Алматы қаласы мен Жетісу, Жамбыл, Алматы облыстарында жер сілкінісінің есептік қарқындылығы 2–3 балл аралығында болған.

 

Соңғы жаңалықтар