«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қордай ауданына қарасты Қақпатас ауылында мәдениет үйі пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет ашылу салтанатына аудан әкімі Бегзат Болатбеков арнайы қатысты. Мәдениет үйінің құрылыс жұмысын «ПМК-109» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Заманауи талаптарға сай салынған мәдениет үйі түрлі үйірмелер мен шығармашылық бағыттағы сабақтарға арналған кабинеттермен қамтылған. Мұнда хореография, домбыра, қолөнер сияқты үйірмелерді ашу жоспарланып отыр.
Жамбыл облысы