• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Отбасы 30 Қараша, 2025

Атырауда тұрмыстық зомбылықтан 4 әйел көз жұмды

330 рет
көрсетілді

Атырау облысында 10 айда тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты 4 720 дерек тіркелді, деп жазады Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, зәбір көргендерге 3 830 қорғау нұсқау шығарылған. Ал мінезі шәлкес 986 адамға ерекше талап белгіленген.

«Отбасындағы зорлық-зомбылық – жеке іс емес. Бұл қоғамды алаңдататын мәселеге айналды. Атырауда жыл басынан бері 4 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан көз жұмды. Отбасындағы зәбір көргендерге арналған дағдарыс орталығына 57 адам, оның ішінде 14 әйел мен 47 бала орналастырылды. Бұл орталықты бір ана кәмелет жасына толмаған 5 баласымен бірге паналап отыр», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар