• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Отбасы 29 Қараша, 2025

Қазақстан Халқы Ассамблеясының Алматыдағы үздік отбасы анықталды

80 рет
көрсетілді

Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Менің отбасым – тірегім» байқауы мәреге жетті, деп жазады Egemen.kz.

Қалалық Ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған бәсекеде ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтар дәріптелді.

Сайысқа түрлі этностан құралған отбасылап қатысып, «Бейнетаныстыру», «Ұлттық дәстүр», «Өнерлі отбасы» және ҚХА тарихына арналған «Зияткерлік викторина» атты кезеңдерде бақ сынады.

Байқау кезінде 15 жыл отасып, Алишу есімді қыз тәрбиелеп отырған Рустам мен Әмина Кайрыевтер көне ұйғыр салты - «бошук той» (нәрестені бесікке бөлеу) рәсімін өткізді. Қонақтарды ұйғыр тағамы – санзамен қарсы алған тату отбасы: «Біз әрдайым бір-бірімізді түсінуге тырысамыз», лейді.

Байқау нәтижесінде Кайрыевтер отбасы бірінші орынға, Орынғаровтар жанұясы екінші орынға, Данлади әулеті үшінші орынға ие болды.

Соңғы жаңалықтар