• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім 26 Қараша, 2025

Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінде жеңімпаз атанды

30 рет
көрсетілді

17-21 қараша аралығында Астана қаласында жаратылыстану-математика бағыты бойынша XVIII Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Еліміздің ең үздік оқушылары бас қосқан білім додасында Алматы облысының намысын қорғаған «Арыстан» мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы Нұржан Өтешқалиев жүлделі 2-орынға ие болды. Бұл жоғары нәтиже – оқушының алғырлығы мен жүйелі еңбегінің, сондай-ақ ұстаздарының қажырлы дайындығының жемісі.

Білім басқармасы Нұржан Өтешқалиевті арнайы құттықтап, жас дарынның алдағы уақытта да білім мен ғылым жолында жаңа биіктерді бағындыруына тілектестік білдірді.

Алматы облысының білімді жастарының мұндай жетістіктері – өскелең ұрпақтың еліміздің ғылым әлемінің болашағына лайықты үлес қосуға дайын екенін дәлелдейтін жарқын көрсеткіш.

Соңғы жаңалықтар