Дәл осы күні білім алушылар түрлі концерт қояды, факультеттер арасында жарыс өткізеді. Ал кеш соңында дәстүрге сай дастархан басына жиылады, деп жазады Egemen.kz.
Атаулы күннің тарихы екінші дүниежүзілік соғыспен байланысты. 1939 жылдың 17 қарашасында Прагада фашистер чех студенттерін қырып салады. Бұл қасіретті оқиға бүкіл Еуропаны дүр сілкіндіреді. 1946 жылы өткен Дүниежүзілік студенттер конгресі осы оқиғаны негізге алып, 17 қарашаны халықаралық студенттер күні ретінде белгіледі.
Бүгінде мерекенің тауқыметті тарихы ұмытылып, студенттердің көңіл көтеріп, жастықтың жазғы жаннатын бірге сезінетін күнге айналды. Ақын Қадыр Мырза Әлінің төмендегі өлең шумағы студенттердің саф санасын, алаңсыз өмірін дәл суреттейді:
«Басталмаған қаланың дастаны әліБірінші жыл дала деп жас тамады.Бірінші жыл ауылы естен кетпей,Бесінші жыл қимайды астананы».
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, дәл қазір елімізде 625 мың студент білім алып жатыр.