• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң 06 Қараша, 2025

20 мың теңге айыппұл: Сабақ үстінде телефон қолдануға болмайды

131 рет
көрсетілді

Сенат кулуарында балаларға  оқу процесінде неліктен телефон қолдануға тыйым салынатынын түсіндірген Оқу-ағарту вице-министрі Майра Мелдебекова оқушының ата-анасына салынатын айыппұл туралы да айтты, деп жазады Egemen.kz.

Вице-министрдің айтуынша, «Білім туралы» заң бойынша оқушыларға сабақ кезінде телефон пайдалануға тыйым салынған, норма шеңберінде ата-ана жауапкершілігі қарастырылған.

«Яғни, оқушы сабақ уақытында телефон пайдаланса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бірінші рет міндетті түрде ескерту беріледі, ал кейінгі құқық бұзушылықтар үшін 5 АЕК (19 660 теңге) көлемінде айыппұл салынады», деді М.Мелдебекова.

 

Соңғы жаңалықтар