• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
«Таза Қазақстан» 10 Қазан, 2025

Жиде мен шырша тұқымы жиналды

20 рет
көрсетілді

Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жиде мен Шренк шыршасының тұқымын жинау апталығы басталды. Шараның негізгі мақсаты – орман қорын толықтыру, табиғи тұқым қорын қалыптастыру, жастардың экологиялық мәдениетін арттыру.

Бақанас орман шаруашы­лығында өткен іс-шараға орманшылармен қатар колледж студенттері мен мектеп оқу­шылары қатысты. Нәтижесінде, бір күн ішінде 200 кг-дан астам жиде тұқымы жиналды. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәлі­ме­тінше, биыл өңірде шамамен 1,5 тонна жиде мен Шренк шыршасының тұқымын жинау жоспарланған.

«Әрбір жиналған тұқым – ертеңгі жасыл орманның бастауы. Бұл – өңірдің экологиялық әлеуетін арттыруға бағыттал­ған маңызды қадам», деп атап өтті басқарма басшысы Қанат Нүсіпбаев.

Жиналған тұқымдар көк­темде облыстық орман тұқым­бақтарына жеткізіліп, көшет­терге айналдырылады. Кейін олар орман қоры жерлеріне отыр­ғызылып, өңірдің жасыл айма­ғын кеңейтуге қызмет етеді.

2021 жылдан бері Алматы облысында 17,4 мың га аумаққа 38,3 млн ағаш отырғызылды. Бұл Мемлекет басшысының 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындаудағы өңірдің нақты үлесі саналады.

 

Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар