Испанияның Мадрид қаласында джиу-джитсудан халықаралық турнир өз мәресіне жетті.
Аталған турнирде бақ сынаған қазақстандық спортшы Дана Төлеужан 55 кило салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді. Финалға дейін бір деммен қарсыластарын ойсырата жеңген жерлесіміз халықаралық бәсекенің алтын медалін жеңіп алды. Сондай-ақ ол джиу-джитсу күресінен 2019 жылы Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын.
Қазіргі уақытта Италияның астанасы Рим қаласындағы «Ла сапиенца» университетінің магистратурасында тәлім алатын Дана Бекенқызының джиу-джитсу күресінен бөлек, су спорты түрлерінен спорт шебері деген атағы бар.