28-51 пайыз жеңілдікпен алты бағыттағы пойызға билет сатып алуға мүмкіндік бар. Олар:
№ 29/30 «Алматы 2-Атырау» - 35% дейін;
№ 51/52 «Алматы 2-Нұр-Сұлтан 1-Орал» - 28% дейін;
№ 69/70 «Алматы-Өскемен 1» - 51% дейін;
№ 111/112 «Алматы 2-Маңғыстау» - 43% дейін;
№ 105/106 «Алматы 2 – Петропавл» - 46% дейін;
№ 711/712 «Нұр-Сұлтан Нұрлы Жол – Шымкент» - 43% дейін.
«Жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірі бойынша және Bilet.railways.kz сайтынан алуға болады. Жолаушылардан вокзал аумағында және пойыздар ішінде бетперде режимін сақтауды сұраймыз», делінген ресми хабарламада.