• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Желтоқсан, 2021

Түркия елдің халықаралық атауын өзгертті

872 рет
көрсетілді

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің халықаралық атауын Turkey-ден Türkiye-ге өзгерткен Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарлық мәтінінде бұл өзгеріс бай мәдениет пен мұраны көрсететіні әрі түрік өндірушісінің сапалы өнімді сенімді жеткізуші ретінде адалдығын растауға арналғаны айтылған.

Сондай-ақ, елдің барлық ресми құжатында, соның ішінде шет мемлекеттермен және ұйымдармен кез келген хат-хабарларда Turkey, Turkei, Turquie сөздерінің орнына бірыңғай Türkiye термині қолданылады.
Соңғы жаңалықтар