Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жазды.
«Бүгін Мемлекет басшысы Ақтау қаласында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жиын өткізіп, жаңа спорт кешеніне барады.
Сондай-ақ қаланың туристік аймағындағы бірқатар инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысады.
Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев «Отпантау-2021» командалық-штабтық оқу-жаттығуын бақылайды», делінген хабарламада.