«Құрметті Давид Мамиевич!
Сізді Токиодағы жазғы Паралимпиаданың чемпионы атануыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіз бүгінгі сайыста жоғары дайындығыңыз бен жеңіске мұқалмас ерік-жігеріңізді жаһан жұртына паш еттіңіз. Байтақ отанымыздың әр қиырында өзіңізге қызу қолдау көрсеткен отандастарымыздың, бар білгенін үйретіп, баптаған бапкерлеріңіздің үмітін ақтадыңыз.
Алдағы уақытта да бабыңыз бен бағыңыз қатар шауып, толайым табысқа қол жеткізе беруіңізге тілектеспін», деп жазды министр құттықтау хатында.
Бұл Токио Паралимпиадасындағы Қазақстан құрамасының қоржынындағы алғашқы марапат.
Еске сала кетсек, Давид Дегтярев 174 келіні еңсеріп, 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынға ие болды.