• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Теннис 29 Сәуір, 2021

Отандастарымыз Мадрид турнирінде жеңіліп қалды

85 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисшілер Ярослава Шведова мен Юлия Путинцева Мадрид WTA 1000 турнирінде ұтылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рейтингте 30-сатыдағы Ю.Путинцева әлемнің 18-інші, осы доданың 15-ракеткасы, ұлыбританиялық Йоханна Контадан айласын асыра алмады – 4:6, 2:6. Бәсеке бір сағат отыз минут уақытқа созылды. Ал дүниежүзілік рейтингте 725-орында тұрған Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Я.Шведова әлемнің 25-ракеткасы, Тунис өкілі Онс Жабермен кездесті. Бір сағат 15 минутқа созылған матчта тунистік теннисші 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.Осылайша жүлде қоры 2,5 млн еуродан асатын Мадрид жарысы қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды.

Ендігі бар үміт Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакинада. Ол ертең негізгі турнирге іріктеу сайыстарынан кейін қосылған, рейтингте 78-орындағы аустралиялық Айла Томляновичпен кортқа шығады.

Соңғы жаңалықтар