Түркістан облысында есірткі сатқан ер азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Полицияның хабарлауынша, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне белгісіз азамат хабарласып жергілікті тұрғынның есірткі сатумен айналысқаны туралы хабарлаған.
«Хабарламаны алған полицейлер бірден аталған жайтты тексеруге кірісті. Күдіктіні қылмыс үстінде ұстау үшін қажетті шаралардың барлығын атқарады. Осылайша іске асырылған жұмыстардың нәтижесінде жергілікті тұрғын келесі адамға есірткіге ұқсас затты сатып тұрған жерінен ұсталады», делінген ақпаратта.
Аталған жайтқа сәйкес ҚР ҚК-нің 297-бабы (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тергеу амалдары жүргізілді.
Тиісті сараптамалар тағайындалып, тәркіленген заттың 3,82 грамм гашиш екендігі анықталды. Осыдан соң ұсталған азамат қамауға алынып, тергеушілермен тергеу істері жүргізілді.
Сараптамалар тағайындайды. Күдікті кінәсін мойындады.
«Күдікті өз арам ойын іске асыру үшін полиэтилен пакетке гашиш есірткі затының 3,82 грамын салып, 2000 теңгеге сатқан. Ол бұрын сотты болмаған жергілікті тұрғын болып шықты», деп хабарлады полиция.
Күдікті бес жылға сотталды.