Павлодар облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев өңірдегі карантиндік шектеу шаралары туралы қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаулыға сәйкес, өңірде мынадай тыйымдар мен шектеулер енгізіледі:
ашық және жабық ғимараттарда ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, отбасылық, ұжымдық, корпоративтік, салтанатты (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру) іс-шараларын және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу; жеке үй-жайлар мен құрылымдарды бұқаралық корпоративтік және басқа шараларды өткізу үшін жалға алуға тыйым салу; ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, қорқор бөлмелері, компьютер клубтары, ойын клубтары, букмекер кеңселер, лото терминалдары бар объектілер, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, кино-театрлар, батуттар мен балалар және ересектерге арналған өзге де ойын-сауық орындарықызметіне тыйым салу; кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салу (кезекші топтарға 15 адамнан аспайтын баланы жинап жұмыс істеуге рұқсат етіледі); 30-дан аспайтын адамның қатысуымен өтетін жеке, топтық дайындықты қоспағанда, театрлардың қызметіне тыйым салу; 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін жаңа жылдық ертеңгіліктер, мерекелік корпоративтік шаралар ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу; фудкорттардың, банкет залдарының қызметіне тыйым салу; спортшылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін шығуына тыйым салу; кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз режимінде өткізуге тыйым салу.Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.