• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Мамыр, 2018

Цемент зауытында жұмыс істейтін мамандар Қытайда білім алмақ

272 рет
көрсетілді

Қызылорда облысындағы тампонажды цемент зауытында жұмыс істейтін мамандар Қытайда білім алады.

Осы мақсатта Шиелі ауданындағы техникалық колледждің 47 түлегі таңдалып алынған. Жыл соңында іске қосылатын зауытқа 260 адам тұрақты жұмысқа қабылданбақ. Оның 250-і – қазақстандық маман болады.

Қазақстан - Қытай біріккен кәсіпорнының өндірістік қуаты – жылына 1 млн тонна цемент өндіру. Жобаға 64 миллиард теңге инвестиция тартылған.

Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы тампонажды цемент зауытының құрылысы мерзімінен кешікпейтіндігін айтады.

Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар