Көптен күткен әкім Қанат Қашкировтың кандидатурасын аудандық мәслихат депутаттары бекітті. Жаңа әкімді аудан активіне таныстырған облыс әкімі Болат Бақауов оның алдына бірден жаңа міндеттер мен тапсырмалар жүктеді.
– Ауданда қолданылмай жатқан 50 мың гектар жер бар. Келер жылы облыстық бюджеттен аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге 120 миллион теңге бөлу жоспарланған. Бір апта ішінде осы мәселелерді қолға алыңыз, – деді Б. Бақауов.
Қанат Қашкиров 2011-2013 жылдары облыстық Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып қызмет етті. Оған дейін индустрия және сауда департаментінде және кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде, соңғы екі жылда мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментін басқарды.
Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан»