7 қыркүйек 10:00-де Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы «Даму» қорымен бірлесіп, нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасын және бұқаралық кәсіпкерлікті түсіндіру мақсатында ашық есік күнін өткізуде. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство хабарлағандай, бағдарламаға жұмыссыздармен қатар, өзін-өзі еңбекпен қамтыған адамдар да, сондай-ақ өз ісін енді бастағандар мен кәсіпкерлер қатыса алады.
Аталған бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі жылына небәрі 6% құрайды. Барлық саланы қаржыландыру саудадағы айналымдағы қаржыны толықтырудан бөлек.
Қызығушылық танытқандар мамандардан толыққанды кеңес алып, нәтижелі еңбекпен қамту бағдарламасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік қолдаулар туралы біле алады.
Шара Тәуелсіздік даңғылы, 3-үй, 32 аудитория, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының 3 қабатында өтеді.