• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Шілде, 2017

Жамбыл облысында егін жинау науқаны басталды

474 рет
көрсетілді

Шілде айының алғашқы аптасында Жамбыл облысында егінге орақ түсті. Өңірдегі алғашқы орымның да көрсеткіші жаман болған жоқ.

Биыл өңірде диқаншылар гектарына 22-23 центнерден өнім алып отыр. Мәселен өңірдегі алғашқы егін орағы басталған өңір Т.Рысқұлов ауданындағы «Луговой жылқы зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі биыл 11 мың гектар алқапқа астық сепкен. Оның 4380 гектары күздік бидай және 7000 гектары жаздық арпа.

  Бүгінде егін жинау науқанына 60-қа жуық ауылшаруашылық техникалары жұмылдырылған. Оның ішінде 13 «Джон-дир» комбайндары дән бастыруда. Аталған «Джон-дир» комбайндарының әрқайсысы күніне 70 гектардың астығын орып, бір тәулікте 800 гектар астықты жинай алады. Сонымен қатар өңірдегі Шу, Қордай және Байзақ аудандарында да егін ору науқаны басталып кетті. Енді биылғы егін де ерекше өнім беруге тиіс. Мәселен жыл сайын техникалық база жоспарлы түрде жаңартылып отырады. Айталық, былтырғы жылы 2,1 миллиард теңгеге 266 бірлік жаңа ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынған. Оның ішінде 160 бірлік трактор, 19 комбайн, қалған 87 бірлік әр түрлі техникалар бар. Ал, биыл жыл басынан бері 815 миллион теңгеге 93 трактор, 9 комбайн және 38 әртүрлі техникалар алынды. Үстіміздегі жылы ауыл шаруашылығы техникаларының жаңару көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда артады деп жоспарлануда.

  Ағымдағы жылы облыс бойынша 106,7 мың гектар алқапқа күздік бидай, 139 мың гектарға жаздық арпа, 15 мың гектарға дәндік жүгері, 2,2 мың гектарға жаздық бидай, 9 мың гектарға қант қызылшасы, 87,7 мың гектардан астам майлы дақылдар, 36,8 мың гектарға көкөніс және бақша дақылдары себілген. Сондай-ақ, өткен жылы егіс алқаптарынан жиналған өнімнің орташа көрсеткіші 24 центнерді құраған болатын. Ал енді Шу, Қордай, Байзақ аудандарындағы егін жинау науқанының көрсеткіші де төмен болмауға тиіс.

Хамит Есаман,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы

 

 

Соңғы жаңалықтар