• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Мамыр, 2017

Елорда әкімі астаналықтарды Бірлік күнімен құттықтады

341 рет
көрсетілді

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елордалықтарды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтады.

«Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын!

Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында елімізде түрлі ұлыстар бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуде. Әлемде баламасы жоқ қоғамдық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы берекенің ұйытқысына айналды.

Ынтымақ пен бірлік – Қазақстанның басты байлығы. Ішкі татулығымыз берік болып, еліміз өркендей берсін.

Мерекеден мерекеге жақсылықпен, жаңа табыспен жете берейік», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар