Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі Бас басқармасының сайтында Санкт-Петербург метросында болған жарылыстан зардап шеккендердің тізімі жарияланды.
Зардап шеккендер жайлы мәлімет 4 сәуірде Мәскеу уақыты бойынша сағат 06.00-де жарияланды. Сайт мәлімет келген сайын жаңартылып тұрады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта жарақат алғандар мен қала ауруханаларында жатқандарың саны - 51.
Метрода болған төтенше жағдайдан зардап шеккен және қаладағы емдеу мекемелерінде жатқан адамдар мына ауруханаға жеткізілді: Марии ауруханасы, И.И.Джанелидзе атындағы Ғылыми-зерттеу институты, С.М. Киров атындағы Бүкіләлемдік медициналық ассоциация, қалалық № 26 аурухана, Л.Г. Соколов атындағы №122 клиникалық аурухана, Елизаветинск ауруханасы, К.А. Раухфус атындағы қалалық балалар ауруханасы.