• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Парламент 04 Сәуір, 2017

Палата отырысының күн тәртібі белгіленді

81 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының Бюро отырысы болды. Бюрода Мәжілістен түскен заң жобалары комитеттерге бөлініп берілді.

Конституциялық заң­нама, сот жүйесі және құ­қық қор­ғау органдары коми­теті «Халы­қ­аралық жеке құқық жөніндегі Гаага конферен­циясының Жар­ғысын ратификациялау ту­ралы» заң жобасын одан әрі пысықтау әрі қорытынды әзірлеу бойынша жауапты болып белгіленді.

«Қазақстан Республи­касы­­ның кейбір заңнамалық акті­леріне дене шынықтыру және спорт мәсе­лелері бойынша өз­герістер мен то­лық­тырулар енгізу туралы» заң жо­басы бойынша бас коми­тет бо­лып Әлеу­меттік-мәдени даму жә­не ғылым комитеті белгі­ленді.

Бюроға палатаның 2017 жылы 6 сәуірде өтетін ке­зек­ті отырысының күн тәр­ті­­бі бойынша ұсыныстар да енгі­­зілді.

Сенаторлар заңнамаға әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша түзетулерді, «Коллекторлық қызмет туралы» және «Қазақ­стан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне кол­лекторлық қызмет мәселелері бо­йынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасын қарайтын болды, деп хабарлады Парламент Се­натының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар