• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Сәуір, 2017

Семейде қолөнер туындыларына арналған көрме ашылды

277 рет
көрсетілді

Семейдегі жазушы Федор Достоевский музей-үйінде «Шеберлік түрлілігі» атты жастардың қолөнер туындыларына арналған көрме ашылды.

Қазақстан Дизайнерлер ода­ғы­ның мүшесі Мәдина Мұса­таеваның айтуынша, Семей­дегі колледждердің 2-4 курс сту­­денттерінің жұмысы осы көрмеге арнайы лайықталып алынған. Бұнда картиналардың түр-түрлерімен қатар, бисер, аппликациядан жасалған жұмыстар  қойылған. Барлығы да әзірше ешқандай атақ-даңқы болмаса да, ерінбей еңбектеніп жүрген, болашағынан көп үміт күттіретін жастар. Әсіресе, Бизнес және сервис колледжі студенттерінің туындылары көптің көңілінен шықты. Көрмеге қатысушылар боди-арт және қынамен бояу, яғни «менди» саласынан да хабардар екендіктерін көрме барысында көрсетті. Екінші курс студенті Виктория Ковс қынамен бояудың қызықты түрлерімен келушілерді таныс­тырды.

Раушан Нұғманбекова

СЕМЕЙ

Суретті түсірген автор

Соңғы жаңалықтар