• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 03 Сәуір, 2017

Елбасы ұлттық валютаны қолдану туралы Жарлыққа өзгеріс енгізді

325 рет
көрсетілді

​Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Президентінің Жарлығына өзгеріс енгізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 549 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы 

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 19-бабының 8) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 

1.«Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 549 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., №6, 56-құжат; 2009 ж., №33, 308-құжат; 2011 ж., № 60, 850-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 4-тармақ алып тасталсын. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

   Қазақстан Республикасының                                                                                                                   Н.Назарбаев   

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 1 сәуір           

№  452

Соңғы жаңалықтар