Қала метрополитенінің баспасөз қызметі жарылыс болғанын растады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ. Алайда, ТАСС пен Рейтер агенттіктері өз дереккөздеріне сүйеніп 10 адамның қайтыс болғанын жазуда. Сондай-ақ өзге де ресейлік БАҚ өкілдері оқиға салдарынан 30 адамның зардап шеккенін хабарлады.
Кейбір деректерге қарағанда, көршілес «Технологический институт» стансасында тағы бір жарылыс болған. РИА «Новости» агенттігі екі оқиғада да пойыз вагондарының ішінде жарылғыш заттар іске қосылғанын алға тартады.
Болған оқиға жөнінде Ресей президенті Владимир Путинге баяндалды, деп хабарлайды РФ басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Президент қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, жарылыстың теракт ретінде бағалану мүмкіндігін жоққа шығармады.