Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Гейдар Әлиев» орденін тапсырды деп хабарлайды әзербайжандық trend.az ақпарат агенттігі.
Қазақ лидері екі ел арасындағы достық қарым-қатынас пен ынтымақты дамыту ісіне қосқан айрықша үлесі үшін марапатталды.