«Қазгидромет» РМК 2017 жылдың 4-6 сәуіріне арналған ауа райы болжамын жариялады.
«Қазақстанның алдағы үш тәуліктегі ауа райын Қара теңізде орналасқан циклонға байланысты биік барикалық қолат анықтайды. Республика аумағына қолатпен бірге арктикалық суық және ылғалды ауа ағымдары ілесіп келеді. Осыған байланысты сәуір айының басында ауа райы өте суық болады», - делінген хабарламада.
4-6 сәуір аралығында көптеген облыстарда ауа температурасы климаттық нормадан 2-6º С-қа төмендейді. Жауын-шашын мен сулы қар жауып, тұман түседі және көктайғақ болады. Тек батыста 5 және 6 сәуір күні Ресейдің Еуропалық бөлігіндегі антициклонның ықпалымен жауын-шашын тоқтап, температура жоғарылауы мүмкін.