• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Сәуір, 2017

Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

190 рет
көрсетілді

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрай­ым­ды­ғымен Қазақстан Президенті жанындағы Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Онда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның орындалу барысы қаралды.

Отырысты ашқан Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет бас­шысының тапсырмасымен Сы­байлас жемқорлыққа қарсы стра­тегияға және «Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң­ға жемқорлық әрекеттердің алдын алу ісі негіз болғанын атап өтті. Ал бұл реттегі жұмыстың негізгі бағыттары: мемлекеттік қызмет саласында, квазимемлекеттік және жеке- меншік секторда, сот және құқық қорғау органдарында жемқорлыққа қарсы тұру, қоғамдық бақылау институтын енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалып­тас­тыру және халықаралық ын­ты­мақтастықты дамыту.

Жиын аясында Мемлекеттік қыз­мет істері және сыбайлас жем­­қорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігі төрағасының орынбасары А.Шпекбаевтың баяндамасы тыңдалды. Жалпы, бүгінде Сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 95% орындалса, осы жылы ол толығымен аяқталады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «Қоғамдық ке­ңес­тер туралы», «Ақпаратқа қол же­т­кізу туралы» жаңа заңдардың қа­былдануы мемлекеттік институттар қызметінің жариялылығын және олардың қоғам бақы­лау­ын­да болуын қамтамасыз етуге мүм­кіндік береді. Бүған қоса, жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық қатерлеріне жүйелі талдау жасау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мәдениет және ағарту сияқты құқықтық құралдардың жиынтығы тәжірибеге кеңінен енгізілді.

2016 жылы өкілетті орган 156 мемлекеттік органның қыз­ме­­тіндегі сыбайлас жемқорлық қатеріне талдау жасады, жем­қор­лық құқық бұзушылықтар жасауға әсер еткен жағдаяттарды жою жө­нiнде 2 мыңнан аса ұсыныс жасалды. «Мемлекеттік органнан мемлекеттік органға», «Әкімдіктен әкімдікке» жобалары аясында министрліктерде және жергілікті атқарушы органдарда түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатымен қызметшілермен кездесулер өтті. БАҚ-та 80-нен астам айдар ашылды.

Бұған қоса, жемқорлық үшін белгіленетін жазаға қатысты бұл­тартпау қағидаты сақталып отыр. 2016 жылы республикалық деңгейдегі – 18, облыстық дең­гейдегі – 59, қалалық және ау­дан­дық деңгейдегі 134 басшы қыл­мыс­тық жауапкершілікке тартылды. Анықталған 13,6 млрд теңге көлеміндегі залалдың 5,3 млрд теңге қаржылық өтемі немесе 39%-ы өтелді.

Мемлекеттік хатшы отырыс қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөнінде кезекті жоспар әзірлеуді тапсырды.

Ләйла Еділқызы,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар