«Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасының кезекті шығарылымында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өткен аптада БАҚ пен әлеуметтік желілерде талқыланған өзекті мәселелерге қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлады Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі.
Өткен бағдарламада министр ұлттық бірыңғай тестілеу, авиациялық мәселелер, сонымен қатар, жүргізуші куәлігін сатып алды делінген алматылық бойжеткенге қатысты оқиға туралы өз пікірін білдірген болатын.
Естеріңізге сала кетсек, әр бейсенбі сайын сағат 20.50-де «Хабар» арнасында өзекті тақырыптарды талқылау форматында «Дәурен Абаевпен ашық диалог» бағдарламасы шығып жүр. Бағдарламаның авторы мен жүргізушісі белгілі журналист – Михаил Дорофеев.