• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Технология 30 Наурыз, 2017

Galaxy S8 және S8+ жаңа смартфондары таныстырылды

247 рет
көрсетілді

S8-дің экраны - 5,8, ал S8+ - 6,2 дюйм.

Смартфондар негізгі және фронтальды камералармен жарақтандырылған, мегапиксельдері сәйкесінше - 12 және 8. Samsung-тің жаңа флагманының көлемі негізгі бәсекелестер iPhone 7 және iPhone 7 Plus-терден біршама үлкенірек. S8-дің экраны - 5,8, ал S8+ - 6,2 дюйм, деп хабарлайды Қазақпарат.

Телефон жадының көлемі - 64 гигабайт, оперативті жады 8 гигабайтты құрайды. Жаңа модельдерде Apple-дің Siri сервисіне ұқсас дыбыстық ассистент - Bixby болады.

АҚШ-та смартфондар сатылымға 2017 жылдың 21 сәуірі күні шығады.

Еске салайық, 2016 жылдың қазанында Samsung компаниясы Galaxy Note 7-мен болған түйіткілдерге байланысты Galaxy S8-дің шығарылымын тоқтатқан болатын. Аталмыш модельді телефондар қуаттау кезінде жарылып, жана бастайтын. Нәтижесінде, өндіруші компания 2016 жылдың қыркүйегінде 2,5 миллион смартфонды әлемдік нарықтан қайтарып алды.

Соңғы жаңалықтар