Португалия билігі Мадейра аралындағы әуежайға «Реал» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналдудың есімін беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы bbc.com хабарлады.
Салтанатты шара бүгін Фуншал қаласында өтеді. Оған футболшының өзі қатысады деп күтілуде. 24 наурыз күні әуежайдың жоғары жағына әйгілі шабуылшының эмблемасы қойылған. Осыған дейін бұл қалаға Роналдудың ескерткіші орнатылып, CR7 брендімен мұражай және қонақ үй ашылды.
Мадейра аралы 1964 жылдың 8 шілдесінен бері жұмыс істеп келеді. Оның бір ұшу-қону жолағы бар.
Айта кетейік, Мадейра жерінде спортшы карьерасын бастаған. Жергілікті «Андоринью» және «Национал» командаларында ойнаған. Ал мадридтіктердің қатарына 2009 жылы «Манчестер Юнайтед» командасынан ауысып келді.