• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 12:49

Тапшылық жоқ – сәйкесінше баға да өспейді: Энергетика вице-министрі жанармай құнының өзгеруі туралы

30 рет
көрсетілді

Сенатта өткен брифинг барысында журналистер мораторий аяқталғаннан кейінгі бір аптада жанармай бағасының қаншалықты өзгергенін сұрады. Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешовтің айтуынша, жанар-жағармай бағасы қазіргі уақытта нарықтық тетікпен қалыптасады және мемлекет тарапынан тікелей реттелмейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вице-министрдің айтуынша елдің ішкі нарығында жанармай тапшылығы жоқ.

«Баға сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасады. Қазіргі кезде нарықта бағада айтарлықтай өзгеріс жоқ. Ең бастысы – елде тапшылық жоқ. Бүгінде шамамен 600 мың тонна бензин және 600 мың тонна дизель отыны қоры бар», деді ол.

Маңғыстауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды: Жұмысшы зардап шекті

Оның айтуынша, жеткілікті қордың болуы ішкі нарықта бағаның негізсіз өсуіне себеп жоқ екенін көрсетеді.

«Құзырлы органдар жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр. Сондықтан бензин мен дизель бағасының негізсіз әрі күрт қымбаттауына жол берілмейді», деді Санжар Жаркешов.

Айта кетейік, өткен жылдың 16 қазанынан бастап инфляция тұрақтанғанға дейін АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын көтеруге мораторий енгізілген болатын. Осы уақыт аралығында Энергетика министрлігі тиісті органдармен бірлесіп, нарықты тұрақты бақылауда ұстады.

Жанармай нарығының болашағы: Сарапшылар баға қалыптастырудың сын-қатерлерін талқылады

Аталған мораторий 1 сәуірде өз күшін жойды.

Соңғы жаңалықтар