• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Парламент Бүгін, 12:03

Еліміздегі псевдопсихологтарға айыппұл енгізілуі мүмкін

30 рет
көрсетілді

Қазақстанда психологиялық көмек көрсету тәртібін бұзғаны үшін айыппұл салу қарастырылуы мүмкін. Мұндай түзетулер бүгін Мәжілісте «Психологиялық қызмет туралы» заң жобасы аясында талқыланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнованың айтуынша, заң жобасына сәйкес психологиялық қызметпен тек мемлекеттік реестрге енгізілген мамандар ғана айналыса алады.

Сонымен қатар, ол мемлекеттік тізімге кірмеген психологтың қызмет көрсету жағдайлары туындауы мүмкін екенін атап өтті. Депутаттар мұндай жағдайда, егер көрсетілген психологиялық көмек адамның денсаулығына зиян келтірсе, қандай жауапкершілік қарастырылатынын сұрады. Мәжіліс депутаты Айна Мусралимова бұл мәселеге қатысты қазіргі заңнамада тиісті жауапкершілік қарастырылғанын түсіндірді.

Психологтар мемлекеттік тізілімге тіркелуге міндеттеледі

Оның айтуынша, егер денсаулыққа зиян келтірілгені дәлелденсе, кінәлі адам Қылмыстық кодекс аясында жауапқа тартылады. Зиянның ауырлығына қарай айыппұлдан бастап түзеу жұмыстарына дейін түрлі жазалар қолданылады, ал ауыр жағдайларда бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылуы мүмкін.

Заң жобасын талқылау барысында депутаттар психологиялық көмек көрсету саласындағы талаптарды бұзғаны үшін бөлек әкімшілік жауапкершілік енгізу қажеттігін де айтты.

«Қазіргі уақытта біз психологиялық көмек көрсету тәртібін бұзғаны үшін айыппұл санкцияларын қарастыратын түзетулерді талқылап жатырмыз. Айыппұлдардың мөлшері әзірге нақтыланған жоқ, оларды екінші оқылымға дейін пысықтаймыз», деді А. Мусралимова.

Айта кетейік, бұл заң жобасы 2025 жылдың ақпан айынан бері талқыланып келеді. Құжат Қазақстанда психологиялық көмек саласын реттейтін жеке заң қабылдауды көздейді.

Қазақстанда психологтардың қызметі заңмен реттеледі

Соңғы жаңалықтар