• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 12:47

Сталкинг: Қызылордада бойжеткенді аңдыған азамат 25 тәулікке қамалды

10 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласының №2 сотында қаралған іске байланысты облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметте сотталушы жәбірленушіге әлеуметтік желі мен ұялы телефон арқылы хабарласып, тынышын алғаны айтылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жәбірленуші байланыс орнатудан қашып, абоненттік нөмірлерін бұғаттап тастағанына қарамастан сталкер оның тұрғылықты мекенжайына, жұмыс орнына көлігімен жиі барғыштап, шығуын талап еткен. Жәбірленуші сот отырысында өзін 2022 жылдан бері жүйелі түрде аңдып келе жатқан адамның кесірінен қалада емін-еркін жүре алмай, басқа үйге көшуге мәжбүр болғанын көрсетіпті. 

Петропавлда сталкинг туралы жаңа бап негізінде алғашқы сот үкімі шықты

Сот бойжеткеннің тыныштығын бұзған жігітті Қылмыстық Кодекстің 115-бабының 1-тармағымен 25 тәулікке қамаққа алу жазасын тағайындап, жәбірленушінің пайдасына 500 мың теңге моральдық зиян өндірді.

Елімізде сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді

Соңғы жаңалықтар