• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?

20 рет
көрсетілді

Бүгін Милан мен Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров еркін сырғанаудан өз өнерін көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.

Айтулы дода Қазақстан уақытымен сағат 23:00-де басталады. Тікелей эфирді Qazsport телеарнасы сағат 22:55-тен бастап ұйымдастырады. Сондай-ақ Михаил Шайдоровтың еркін бағдарламадағы өнері арнаның сайтында да көрермен назарына ұсынылады. 

Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы жекелей сырғанауда қысқа бағдарлама бойынша 92.94 ұпай жинап, нәтижесінде 5-ші орынға тұрақтаған еді. 

Сондай-ақ Vogue Italia журналының ғаламтордағы нұсқасы 2026 жылғы Олимпиада ойындарын ең сәнді жарыстардың қатарына қосып, спортшылардың ең таңдаулы киім үлгілеріне арнайы шолу жасады. Аталған шолуда мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың қысқа бағдарламада киген жарыс костюмі де жоғары бағаланды.

Соңғы жаңалықтар